2016 жылғы 30 қараша Астана, Үкімет Үйі
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен жеті пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ